Тазалық – тәрбие бастауы!
«Наурыз» тобының тәрбиеленушілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығымен танысты.
Балғын бүлдіршіндерімізді кішкентай кезінен табиғатты аялауға, тазалық сақтауға, туған жерін сүюге және қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу – басты мақсатымыз!
Таза аула, таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі! Бірге табиғатты қорғайық, елімізді таза ұстайық!
Таза Қазақстан – таза болашақ!