«Жасұлан» бөбекжайында ерте жастан еңбекке баулу бағыты бойынша «Таза балабақша – таза орта» атты тәрбиелік білім беру аясында
тәрбиеленушілерді ерте жастан еңбекке баулу, тазалықты сақтауға, өз ортасына қамқорлықпен қарауға үйрету. Еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы жауапкершілік, ұқыптылық және бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Балаға еңбекті ерте жастан үйрету – оның жауапкершілігі мен дербестігін қалыптастырудың алғашқы қадамы. Тазалықты сақтауға үйренген бала өз ортасына да жанашырлықпен қарайды».