Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Әбілдаева 3
87767376147
87478011986
87002795298
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Жасұлан" балалар бөбекжайы МКҚК
Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі “мемлекеттік мекемесінің “Бақанас ауылындағы “Жасұлан” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Мектепалды «Балапан» тобының тәрбиеленушілері «Таза бейсенбі» күні аясында «Біз еңбекқор баламыз» атты еңбек іс-шарасына белсене қатысты.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер бөбекжай аумағының тазалығына көңіл бөліп, өздеріне берілген қарапайым еңбек тапсырмаларын жауапкершілікпен орындады. Олар ойын алаңдарын ретке келтіріп, айналаны тазалауға көмектесті.
Тәрбиеленушілер еңбек ету арқылы тазалықты сақтаудың, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың және бірлесіп жұмыс жасаудың маңызын түсінді.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, кішкентай тәрбиеленушілер еңбекке деген қызығушылықтарын көрсетіп, ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиеленді.
Таза орта – өз қолымызда!
Біздің  тәрбиеленушілеріміз еңбекқор  болып өсе берсін!