“Жасұлан” бөбекжайының ересек “Айгөлек” тобының тәрбиеленушілері авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізді.
«Өрт болған жағдайда не істеу керек?»
Тәрбиеленушілер:
1. Өртті көрсең — қорықпай, бірден тәрбиешіге айт.
2. Өрт дабылы естілсе, тәрбиешінің айтқанын орында.
3. Ғимараттан тәрбиешімен бірге қауіпсіз жерге шық.
4. Түтін болса, төменірек еңкейіп жүр.
5. Заттарыңды алуға қайта кірме.
6. Үлкендер 101 немесе 112 нөміріне хабарласады.
7. Өрт сөндіргішті өз бетіңше қолдануға тырыспа.
Тәрбиеленушілерге арналған ұран:
«Өртпен ойнама — қауіптен сақтан!»
«Өртті көрсең — бірден үлкендерге хабарла!»