Ұстаздық жол — жүрек қалауы,
Балаға білім беру — үлкен жауапкершілік!
Бүгін барша ұстаздар мен тәрбиешілерге деген алғысымызды білдіреміз. Әр баланың жүрегіне мейірім ұялатып, білім мен тәрбие беріп жүрген барша әріптестерімізге мың алғыс!
Біз үшін әр баланың күлкісі — қуаныш, әр жетістігі — мақтаныш!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге қуаныш тілейміз!
Ізгі тілекпен, Жасұлан бөбекжайының тәрбиешілері!