«Балапан» ересек мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз — балаға білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне мейірім мен ізгіліктің нұрын себетін аяулы жан. Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен құрметіне бөлене беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілейміз!