Алтын күздің әсемдігін балалармен бірге тамашалаймыз!
«Аққу» тобының бүлдіршіндері күзгі ағаштың көркемдігін танып, табиғаттың ғажайып өзгерістерін бақылап, күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.
Сары, қызыл, қоңыр жапырақтар – күздің керемет бояулары! Балалардың шығармашылығы мен қиялын дамытып, табиғатты сүюге баулу – біздің басты мақсатымыз.
Күз – берекенің, әсемдіктің және шабыттың мезгілі!