«Жасұлан» бөбекжайының ұжымы барша ардақты аталарымыз бен аяулы әжелерімізді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қарияларымыз — халқымыздың асыл қазынасы, ақылдың кені, ұрпаққа өнеге болған қадірлі жандар. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақ баталарыңыз әрдайым біз үшін қымбат.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көңіл тыныштығын, отбастарыңызға амандық пен береке тілейміз! Әрдайым ұрпақтарыңыздың ортасында шаттыққа бөленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Қариясын құрметтеген елдің болашағы жарқын!
Ізгі тілекпен,
«Жасұлан» бөбекжайының ұжымы