1 қазан – Халықаралық қарттар күні
«Балапан» тобының тәрбиеленушілері аяулы ата-апаларымен бірге Қарттар күнін ерекше көңіл-күймен атап өтті.
Балғын бүлдіршіндеріміздің ата-апаларымен бірге өткізген қуанышты сәттері фото-видеоларда көрініс тапты.
Аяулы ата-апаларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін!
Ата-апамен өткен әрбір сәт – бала жүрегінде сақталатын ең қымбат естелік!